Меню

Страницы

Статья

ТҰРҒЫН ҮЙІҢІЗДІҢ КОНДОМИНИУМ ҚҰҚЫҒЫН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ

Тұрғын үйіңіздің кондоминиум құқығын тіркеу қажет пе? Олай болса, біздің парақшамыздың #oqy&toqy айдарына зер салыңыз.

Egov.kz арқылы

Порталға кіріңіз;

Іздеу жолы арқылы «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» қызметін табыңыз;

Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

Өтініш берушіні таңдаңыз;

Тұрғын үй туралы мәліметтерді толық толтырып шығыңыз;

Екінші қадамда портал жер учаскесі туралы мәліметтерді сұрайды, көрсетіңіз

Қызмет үшін электронды шлюз арқылы төлем жасаңыз;

Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет;

Өтініш электронды түрде тапсырылғанда сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты мен жер учаскесінің актісінің скан көшірмелер қажет болады.  Сондай-ақ қызмет ақысын банк арқылы төлеген болсаңыз, төлем түбіртегінің де скан көшірмесін жүктейсіз.

ХҚО арқылы

Алдымен кез келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;

Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз;

Операторға қызмет ақысының төленгені туралы түбіртекті көрсетіп, тұрғын үйдің екі тұрғынынан өтініш қалдыру жеткілікті ;

Ескерту, өтініш берушілердің немесе олардың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын және өкілеттілігі туралы құжаттары мәліметтерді сәйкестендіру үшін ғана қажет. Сондай-ақ өтініш беруші тұрғындар меншік иелігі туралы ақпаратты да растаулары керек. 

Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 3 жұмыс күні;

Қызмет құны - 2404,98 теңге.

Дата публикации
30 ноября 2020
Дата обновления
30 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы