Меню

Страницы

Статья

ҚАНДАС (ОРАЛМАН) МӘРТЕБЕСІН БЕРУ НЕМЕСЕ ҰЗАРТУ

Әдеттегіше, аптаны парақшамыздың  #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас (оралман) мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын көрсететін боламыз. Ондай болса, іске сәт:

Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз

Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз

Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз

Мәртебені алу үшін:

Еркін түрде жазылған өмірбаян

Отбасы мүшелерінің әрқайсысының  3х4 көлемдегі екі-екіден суреттері

Мәртебені алушы барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі

Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:

Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат

Өтініш

Мәртебе мерзімдері:

Қандас (оралман) мәртебесі 1 жылға жарамды. Бір жыл мерзім бітерде, ҚР азаматтығын алуға өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады.

Қандас (оралман) мәртебесін ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз. 

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:

Мәртебені алуға 15 жұмыс күні

Мәртебені ұзартуға 5 жұмыс күні.

Ескерту, сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтерді сәйкестендіріп болған соң өзіңізге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ құжаттардың қабылданғаны туралы ХҚО операторынан қолхат алуды ұмытпаңыз.

Ескерту, 2021 жылы 1 қаңтардан бастап ҚР  ІІМ бұйрығымен  "оралман"  сөзі "қандас" деп өзгертіледі.

Дата публикации
23 ноября 2020
Дата обновления
23 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы