Меню

Страницы

Статья

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Бүгін #қысқаданұсқа айдарында eGov.kz порталы арқылы үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі туралы сөз етпекпіз.

Сонымен, ЭЦҚ немесе бір реттік жасырын сөз арқылы eGov.kz порталына кіреміз.

Бастапқы бетте көлік және коммуникация бөлімі батырмасын басыңыз – Коммуникациялар – Қызметтер – Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисін таңдап, төмендегі нұсқаулықты орындасаңыз болғаны.

Үшінші тұлғаға порталда авторизацияланып, "Онлайн сұрау" батырмасы бойынша өту қажет.

1 қадам. Электрондық анықтамаға тапсырыс беру қажет жеке тұлғаның ЖСН енгізу және "пайдаланушыны тіркеудің бар болуын тексеру" батырмасына басу керек.

Назар аударыңыз! Пайдаланушы сұрау салуды алған сәттен бастап 2 сағат ішінде сұрау салуды келісу (бас тарту) керек. 2 сағат өткеннен кейін пайдаланушының жауабы саналмайды.

2 қадам. Керек анықтаманы таңдап, ЭЦҚ-мен немесе смс-пароль көмегімен қол қою керек.

3 қадам. Жеке кабинетте («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде) қызметті көрсету нәтижелерімен танысу.

Егер пайдаланушы үшінші тұлғамен электрондық анықтаманы алуын растаса, пайдаланушының атына алынған үшінші тұлға сұраған анықтама пайдаланушының жеке кабинетінде («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде), егер пайдаланушы сұрау салудан бас тартса, пайдаланушының жеке кабинетінде («Кіріс» бөлімінде) үшінші тұлға тиісті ақпараттық хабарламамен хабарланады.

Дата публикации
23 ноября 2020
Дата обновления
23 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы