Меню

Страницы

Статья

БИЫЛ 1411 БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢЕС БЕРДІ

«Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік-еңбек саласы бойынша 1411 бірыңғай байланыс орталығы биылғы 9 ай ішінде азаматтарға 912  мыңнан астам консультациялық қызмет көрсетті.

Бұл орайда ең көп қойылған сауалдар 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне (400 мыңнан астам), зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруға (356 мыңнан астам), сондай-ақ әлеуметтік мекенжай көмегіне (50 мыңнан астам) қатысты болған.

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі қазан айының соңғы жексенбісіне белгіленген. Бұл күн 2011 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығына сәйкес бекітілді. Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеп жатқан 22 мыңнан астам адамның 2 мыңнан астамы - әлеуметтік блоктың қызметкерлері.

«Корпорацияның әлеуметтік саладағы рөлі тек қана 1411 байланыс орталығымен шектелмейді. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласында төлемдердің 44 санаты бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Соның ішінде декреттік төлемдер, бала туу мен бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер бар», - деді мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Біржан Жүнісов.

Айта кету керек, биылғы 9 ай ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік блогының мамандары 20,3 млн төлем жасаған. Кең тараған қызметтерге тоқталсақ, баланың тууы мен бір жасқа дейінгі күтіміне қатысты жәрдемақы – 315 397,  бір жасқа дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлем – 206 082, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем – 154 499.

Дата публикации
20 ноября 2020
Дата обновления
20 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы