Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы №70-V «Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының талаптарын сақтау мақсатында, 28.05.2026 жылы «Шардара» шекара бөліміне қарасты «Орынбай»  шекара бөлімшесінің аумағында №344 шекара белгісінің жанынан Мемлекеттік шекара сызығынан 100 метр жерде, Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасы аумағына  заңсыз Мемлекеттік шекара арқылы өткізу барысында шекара нарядымен 57 (елу жеті бас) бас ірі қара анықталып ұсталған. Аталған малдарды анықтау мақсатында Отырар ауданы бойынша уәкілетті органдар қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы 2026 жылдың 29 мамыр күні шекара бекетіне барып заң талаптарына сәйкес тиісті шараларды қабылдап, Отырар ауданына жеткізілді.

Осы анықталған 57 (елу жеті)  бас ірі қара малдарының құлақ жапсырмалары жоқтығы  және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесіне (АШЖБ АЖ) тіркелмегендігі анықталған.

Сондықтан, жалпы саны 57 (елу жеті) бас ірі қараның өзіңізге тиесілі екендігін дәлелдейтін құжаттарыңыз болса, жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) электрондық шаруашылық есебіне тіркелгендігі жөнінде анықтама, жергілікті жердегі ветеринариялық бекетіндегі ауыл шаруашылығы жануараларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесіне тіркелгендігі туралы анықтамаларды  Отырар ауданы ауыл шаруашылығы мемлекеттік мекемесіне (сенім телефоны: 8777-106-97-77) Отырар ауданы М. Әуезов көшесі №1А ғимаратына алып келулеріңізді сұранады.

Дата публикации
16 июня 2026
Дата обновления
16 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы