Меню

Страницы

Статья

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ашим Елеусизов мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қызметтік тәртіпті қатаң ұстану және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған мәжіліске аудан әкімінің кеңесшісі Д. Үсетов, Аудан әкімі аппаратының кадр бөлімінің басшысы Н. Момбек, өтініштердің қаралуын бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М. Айдаркулов, мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімі бас инспекторлары Е. Қасымбеков пен Б. Аманбаев, бас инспектор-заңгер А. Әмірхан және келісімшарт бойынша қызметкерлер қатысты.
Бас инспектор-заңгер А. Әмірхан жаңадан қабылданған бір қатар заңдар бойынша түсіндіріп өтті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерді заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.
Мәжіліс соңында қызметтік әдеп талаптарын бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениетін арттыру, сондай-ақ қызметтік этика нормаларын қатаң сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Жиын қорытындысында мемлекеттік қызметшілерге әдеп талаптарын тұрақты түрде сақтап, заңнама талаптарын бұлжытпай орындау қажеттігі ескертілді.
Дата публикации
16 июня 2026
Дата обновления
16 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы