Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» - зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ 2024 жылғы 11, 13 желтоқсан күндері «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді.

 

Ашық есік күнінде БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы активтерін басқару туралы ақпаратты тікелей инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) өкілдерінен алу сияқты бірегей мүмкіндік беріледі. Әр ИПБ өзінің инвестициялау стратегиясын таныстырады және іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. БЖЗҚ мамандары ИПБ туралы ақпаратты қайдан табуға болатынын және салымшы өз таңдауын жасаған болса, жинақтарды қалауы түскен ИПБ-ға қалай аударуға болатыны жайлы түсініктеме береді.  

2021 жылдың қаңтар айынан бастап БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық компаниялар – ИПБ-лардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігіне ие болды. Бастапқыда ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын немесе сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған жинақтарды ғана беруге болатын еді. Алайда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап инвестициялық мүмкіндіктер кеңейді: енді БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен 50% дейін, ал ерікті жарналарын 100% жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады.

          Кездесу онлайн-форматта өткізілетін болғандықтан, оған ниет білдірген әрбір адамның қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болатынына үміттіміз.   

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек. 

1) Уақыты 10:00

Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:         https://enpf.webex.com/weblink/register/rc3bb09abdad8bf4bf53e5c5bfa1b448b

Еvent-мәжіліс нөмірі:   2516 122 6080

Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 123456

2) Уақыты 14:00

Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:         https://enpf.webex.com/weblink/register/rc7b8fa8ab1f1fdf5904a06aff4ed7e5e

Еvent-мәжіліс нөмірі:   2511 251 1002

Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 123456

3) Уақыты 16:00

Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:         https://enpf.webex.com/weblink/register/r75939c74631a15ef95f94187a8091684

          Еvent-мәжіліс нөмірі:  2518 788 1661

          Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 123456

Дата публикации
04 декабря 2024
Дата обновления
04 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы