Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Құрметті журналистер, блогерлер,

журналистика факультетінің студенттері!

            Қазақстан Республикасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Сіздерді жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты  қаржы журналистикасының онлайн-мектебі семинарына қатысуға шақырады. Іс-шара зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақпарат таратуға және оқытуға бағытталған. 2024 жылғы 07 қарашада (бейсенбі) орыс тілінде және 2024 жылғы 08 қарашада (жұма) қазақ тілінде онлайн-форматта өтеді.

          Қор сарапшылары әлемдегі зейнетақы жүйелерінің негізгі түсініктері мен түрлері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері, Қазақстандағы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметі туралы әңгімелейді. Семинар барысында сіздер зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы тақырыбымен танысасыздар, атап айтқанда - зейнетақы активтері қайда және қалай инвестицияланатыны туралы. Сабақ барысында зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру және инвестициялық портфельді басқарушыны қалай дұрыс таңдау керектігі туралы да толыққанды мәлімет ала аласыздар. Сондай-ақ, Қордың ақпараттық жұмысы туралы білесіз. Дәлірек айтсақ, бастапқы көзден алынған материалдарды қолдана отырып, ЖЗЖ туралы қызықты материалды қалай дайындауға болады? Біздің мамандар БЖЗҚ-ға қандай сауалдармен жүгінуге болатынын және Қордың сайтынан немесе Youtube арнасынан жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпаратты өз бетінше қалай алу керектігін түсіндіреді.

Өтетін орны: Cisco WebEx вебинар платформасы

Спикерлер: БЖЗҚ және ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары

Өткізу уақыты: 07 қараша - орыс тілінде және 08 қараша - қазақ тілінде сағат 10.00 - ден 12.30-ға дейін.

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Онда өзі туралы төмендегі ақпараттар қамтылуы тиіс: 

ТАӘ,

БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы,

қатысу күні,

электрондық пошта мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен іс-шара туралы хабарлама жіберу үшін).

Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

 * Толық бағдарлама осы хаттың қосымшасында берілген.

Дата публикации
04 ноября 2024
Дата обновления
04 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы