Отырар аудандық аумақтық референдум комиссиясының 2024 жылдың 6 қыркүйек күні алғашқы отырысы өткізілді.
Комиссия төрағасы Жұбаев НұрланҚазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың 6 қазанына республикалық референдум өткізу белгіленгенін, ҚР Орталық референдум комиссиясыменбекітілген референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарымен таныстырып, сол жоспарға сәйкесжұмыстарды атқару керектігін айтты.
Комиссия хатшысы Серікбай Ұланучаскелік референдум комиссияларының мүшелерін оқыту мәселелеріне тоқтап, жасалған кезекшілік кестесімен және аудандық референдум комиссиясының мүшелерін референдум барысында арасында атқаратын міндеттемелерімен таныстырды.