Меню

Страницы

Статья

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметтің көрсетілу шарттары

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша

мемлекеттік қызметтің көрсетілу шарттары

 

   (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы  «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы»  № 72 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылдың 28 наурыздағы №93 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен ауылға» жобасының сенімді агенті болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы тағайындалды.

    Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді.

   Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады.

    «Дипломмен – ауылға!» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.

   Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін жас мамандар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).

   Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі.

    2024 жылы қарыздың ең жоғары сомасы аудан орталығында жұмыс жасайтын мамандар үшін 2500 АЕК-ке дейін, елді мекендерде жұмыс жасайтын мамандар үшін 2000 АЕК-ке дейін сомада кредит мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады).

   Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.

   «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беруге болады.

   Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.

   Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. l) көтерме жәрдемақы алған кезде:

        өтініш;

      жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

        өтiнiш;

      жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      Кредиттік бюродан есеп;

      3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

        өтiнiш;

      жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      Кредиттік бюродан есеп.

Толық ақпарат алу үшін:

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ұялы телефоннан  300 нөміріне тегін қоңырау шалу;

Отырар аудандық экономика және қаржы бөлімі. Тел: 87753170791 (жұмыс уақыты 09.00-19.00, түскі үзіліс 13.00-15.00)

М. Курманбаева,

Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.

Дата публикации
07 августа 2024
Дата обновления
07 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы