Меню

Страницы

Статья

ЖАСТАРҒА МОЛ МҮМКІНДІК БЕРІЛІП ОТЫР

Мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеуге ниетті жандарға тағы да бір мүмкіндік туып отыр. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ЖОО үздік тәмамдаған түлектер мемлекеттік қызметке қабылданып, еңбек парақшасының жаңа беттерін ашылуда.
Еліміздегі іргелі оқу орындарында (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады. Республикада 140-тан астам түлек аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі және басшылық емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданса, оның 1-і ауданымызға тиесілі болып отыр.
Бүгін Отырар ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Жансұлтан Сейтжанов мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз жаңадан қабылданған жас маман Айсұлтан Оралханды қабылдады.
Айсұлтан Оралхан – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген. Қолданыстағы заң талаптарына сай Отырар ауданы, Талапты ауылдық округі әкімі аппаратының инфрақұрылым жөніндегі бас маманы қызметіне тағайындалды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы алғашқы қадамына сәттілік тілеп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, өзге де шектеулерді қатаң сақтау ұсынылды.
Дата публикации
10 июля 2024
Дата обновления
10 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы