Меню

Страницы

Статья

ҚҰМАР ОЙЫН МЕН БӘС ТІГУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Соңғы жылдары лудоманияға шалдығып, құмар ойынның жетегіне кетушілердің қатары тым көбейіп барады. Алыстан мен мұндалаған букмекерлік кеңсенің жарнамалары кімнің де болмасын назарын аудармай қоймайды. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес лудоманияның мемлекеттік қызметілер арасында өсуіне жол бермеу мақсатында ҚР Мәдениет және туризм министрлігімен тиісті шара қабылдануда.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Жансұлтан Сейтжанов дербес бөлім басшыларының қатысуымен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойын жетегінде кетудің алдын алу үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Баршаңызға белгілі, а.ж. 5 маусымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші оқылымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лоторея қызметі, денсаулықты қорғау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы мақұлданған.
Заң жобасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің, әскери қызметшілерді, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына тыйым салу көзделіп отыр.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 3-тарауының 6-тармағының 10) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемелеріне барудан тартынуы қажет болуда.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерді жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстануға, қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларын болдырмауға шақырып, бөлім басшыларына мекеме ұжымына толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Дата публикации
10 июля 2024
Дата обновления
10 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы