Меню

Страницы

Статья

"БЖЗҚ" АҚ-да "Ашық есік күні"

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.

 

         Қазір БЖЗҚ салымшылары Қор көрсететін қызметтердің 90% астамын әртүрлі электрондық сервистердің көмегімен алады. Шоттарды ашу және төлемдердің көптеген түрлерін жүзеге асыру қызметі жоғары сұранысқа ие болғанына қарамастан, соңғы уақытта Қордың электрондық түрде көрсетілетін басқа да қызметтеріне де сұраныс артып келеді. Олар: деректемелерге өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, үзінді көшірмелердің түрлерін қарау және оларды алу, зейнетақы калькуляторының көмегімен зейнетақыны болжамды есептеу және басқалар.

          Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға осы және басқа да электрондық қызметтер, оның ішінде 2024 жылы енгізілген қызметтер және оларды алу үшін не қажет екендігі туралы баяндап береді.

          Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ БАҚ өкілдері шақырылады. Бұл салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды жариялайтын журналистерге де пайдалы болады деген үміттеміз.

 

          Іс-шараға қатысу үшін.

Сағат 10.00 Шақыру сілтемесі https://us05web.zoom.us/j/81795100445?pwd=RwkoL3lplnq1q4T2dZ3jzIiAIJmQUu.1

 

Конференция идентификаторы: 817 9510 0445

Код: 1234

 

Сағат 12.00 Шақыру сілтемесі https://us05web.zoom.us/j/88948299642?pwd=S2zQngbUX5x4qa0IJvcpkMBalPWmwb.1

 

Конференция идентификаторы: 889 4829 9642

Код: 1234

 

 

Сағат 15.00 Шақыру сілтемесі https://us05web.zoom.us/j/82982602616?pwd=qZMw6TtaY4txNqD1HnaTnyJJttRpPo.1 

Конференция идентификаторы: 829 8260 2616

Код: 1234

 

 

Дата публикации
03 июля 2024
Дата обновления
03 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы