Отырар ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Жансұлтан Сейтжановтың төрағалығымен кездесу өтіп, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, жастар өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Әдеп уәкілі «Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары», «Мемлекеттік қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері» тақырыптары бойынша баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарынан туындайтын мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде Балтакөл, Қарғалы ауылдық округі әкімдері сөз сөйлеп, мекемедегі мемлекеттік қызметшілердіңм Әдеп нормаларын сақтауы бойынша пікірін білдірді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласы бойынша қабылданған және өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң нормалары туралы түсіндіріп өтті. Мемлекеттік аппаратты жас кадрлармен қамтамасыз етуде квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін тарту, ЖОО үздік бағамен тамамдаған жастардың конкурссыз мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасуына мүмкіндік бар екенін жеткізді.