Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтар ХҚКО-ға кезектің электрондық талондарын алуды жөн көреді

Кезектің электрондық талондарын алу сервисі 2022 жылдың сәуір айында енгізілді, өткен жылы 60 мыңнан астам талон алынған. Соңғы 5 айда бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті: 2023 жылдың желтоқсанында пайдаланушылар 3 мыңға жуық талон алса, ал сәуірде – 12 жарым мыңнан астам талон алынған.

Айта кетейік, кезектің электрондық талонын "ХҚКО" қосымшасы арқылы ресепшн бағанындағы QR-кодты сканерлеу арқылы алуға болады. Ол үшін қосымша арқылы халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала онлайн брондау рәсімделуі қажет. Сондай-ақ, қызмет екінші деңгейлі банктің қосымшаларының бірінде қолжетімді.

"Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн режимінде алуға болады. Егер тек ХҚКО-да көрсетілетін қызмет болса, онда кезекті алдын ала брондап, жазылған уақытта келуге болады. Бұл жағдайда ресепшендегі маманға жүгінудің қажеті жоқ. Азамат кезектің электрондық талонын өз бетінше ала алады. Осылайша, сіз көрсетілетін қызметті алушылардың уақытын ғана емес, сонымен қатар талондарды шығаруға кететін қағазды да үнемдей аласыз", - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Электрондық талондарды жиі қолданатын үш ХҚКО Алматы қаласының Медеу ауданында, Түркістан облысының Сайрам ауданында және Қарағанды қаласының Чкалов көшесінде орналасқан.

2024 жылы "Азаматтарға арналған үкімет " " ХҚКО " мобильдік қосымшасын қолдану тәжірибесін талдап, оны клиенттерге ыңғайлы болу үшін қайта өзгертуге ниетті. Қазіргі уақытта қосымшаның негізгі функциялары – кезекті электронды брондау және ХҚКО операторының бейнеқоңырауы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.

Дата публикации
13 мая 2024
Дата обновления
13 мая 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы