Меню

Страницы

Статья

ХҚКО қызметкерлері ҰОС ардагері үйінің ауласында сенбілік өткізді

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Немет Абдрасиловтың үйінің ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара Жеңіс Күні қарсаңында және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының "Өнегелі ұрпақ"апталығы аясында өтті.

Түркістанда дүниеге келген Немет Абдрасилов 23 жасында майданға кетіп, Берлинге дейін жеткен. Зеңбірекші, Рейхстаг шабуылына қатысушы, ол Отан соғысы орденінің, I және II дәрежелі Даңқ ордендерінің, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері және жиырмадан астам медаль иегері. Бұл Түркістан облысындағы жалғыз соғыс ардагері.

«Біз ардагерлерімізді еске алып, мақтан тұтамыз, бұл көмек олардың жанқиярлығы үшін терең алғысымыздың аз ғана бөлігі», – деді Түркістан облысындағы мемлекеттік корпорация филиалы директорының орынбасары Нұрзат Бураев.

Сенбілікке қатысушылар қоқысты тазалап, Немет Абдрасиловтың үйінің жанындағы гүлзарларды ретке келтірді.

Дата публикации
06 мая 2024
Дата обновления
06 мая 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы