Бүгін Отырар ауданы әкімдігі жанындағы жер қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия төрағасының орынбасары, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Біржан Әшірдің төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібінде жеке және заңды тұлғалардың 13 өтініші қаралды.
ҚР Жер Кодексі, ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңдары және салалық бағыттар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары негізінде комиссия мүшелері өтініштер мен ұсынымдарды жан-жақты талданды.
Комиссия ҚР-ның қолданыстағы заң талаптарына сәйкес түскен әрбір өтінімдерді зерделей келе, 11 өтінім қанағаттандырылып, 2 өтінім кері қайтарылды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша комиссия отырысының қорытындысымен хаттама түзіліп, қабылданған шешіммен тиісті мекемелерге арнайы ұсыныстар енгізілді.