Меню

Страницы

Статья

ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МОЛ МҮМКІНДІК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жастарды мемлекеттік қызметке тарту, олардың мол мүмкіндіктерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арнауына жағдай жасау үшін маңызды шешім қабылдап, Президенттік жастар кадр резервін жасақтауды ұсынған еді.
Президенттік жастар кадрлық резервінің алғашқы қарлығаштары қадам басып, сайдың тасындай іріктелген талантты жандар еліміздегі мемлекеттік әкімшілік және саяси қызметтерді атқарып, ірі басқарушы холдингтерге жетекшілік етуде.
Апта басында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадрлық резервінің форумына қатысып, мемлекеттік қызмет саласын және мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамын жетілдіру бағытындағы жоспарымен бөлісті. Форумда Президент қайда жүрсе де, үнемі еліміздің жас ұрпағы жөнінде айтатынын еске салып, оларға зор сенім артатынын айтты.
- Экономикада, мемлекеттік қызметте немесе басқа секторда жұмыс істеп жүрген жастарымызға қолдау білдіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Сіздер өмірдің базарына енді келген, ал біз қайтып бара жатқан адамдармыз. Бұл – қалыпты дүние. Уақыты келгенде, сіздерге жол береміз. Біз зейнетке шығамыз, орнымызға сіздердей жалынды жастар келеді. Бірақ сіздер туған елге, Отанға қызмет етуге дайын болуларыңыз қажет. Өйткені күрделі заманға тап келіп тұрмыз. Көптеген қиындықтарды бастан өткеріп жатырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервіне өткен мамандарға зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, олардың негізгі мақсаты мемлекет мүддесі болуы тиіс екенін тілге тиек етті.
– Көп ұзамай мемлекеттің игілігі үшін ең жауапты шешім қабылдайтын кезеңге тап келесіздер. Үкіметте болсын немесе квазимемлекеттік секторда болсын, ел басқару ісіне араласасыздар. Әлбетте, жеке секторда да еңбек етесіздер. Сондықтан мен сіздерге зор үмітпен қараймын. Ең алдымен, осы зор жауапкершілікті дұрыс түсінген абзал. Қай салада болмасын, негізгі мақсат мемлекет мүддесі болуы тиіс, – деген Президент жастардың болашағын айқындап берген-ді.
Форумда Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік қызметтің гибридті моделін енгізіп, жылдар бойы жауыр болған бюрократияға, қағазбастылыққа үзілді-кесілді тосқауыл қою керектігін атап өтті. Себебі, Президент мемлекеттік қызмет жүйесінде барлық үдеріс ашық болуға тиістілігін көрсетіп, елімізде азаматтардың мүддесін толық қорғайтын мемлекеттік қызмет моделін, үлгісін қалыптастыруды ұсынды. Сонымен қатар, жастар, әйелдер және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мемлекеттік қызметтегі санын арттырумен қатар, олардың басшылық құрамда қызмет етуіне барынша мүмкіндік беруді жөн санайды.
Президенттік жастар кадр резервінің ізін ала, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен өңірлік кадр резерві қолға алынды. Еңбек өтілі үш жылдан асатын жастар үшін бұл мемлекеттік деңгейде берілген мол мүмкіндік.
Кәсіпте өз орнын тауып, жетістіктерге жеткен жандардың да мемлекеттік қызметте де өзін жаңа қырынан танытуына мүмкіндіктері бар.
Қорытынды сөзімізді Абайша айтсақ, жастықтың оты жалындап тұрған азаматтар елімізде жаңа қоғамдық көзқарас қалыптастырып, тың бастамаларға жол ашады. Арыстандай айбаты мен жолбарыстай қайраты бар, пайым-парасаты қалыптасқан жастарға кез-келген уақытта артылар үміт зор болмақ.

Біржан Отарбайұлы Әшір,
Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл.

Дата публикации
23 февраля 2024
Дата обновления
23 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы