Облыс әкімі Д.Сатыбалдының хаттамалық тапсырмасына сәйкес "Атаулы Әлеуметтік Көмек" алушыларға әлеуметтік көмектің тағайындалуының заңдылығына зерделеу мақсаты бойынша 20.02.2024- 15.03.2024 жылдар аралығында жұмысшы топ құрылып, аралау кестесі түзілген.
Аралау кестесіне сәйкес Көксарай, Аққұм, Маякұм ауыл округтерінің АӘК алушы отбасыларына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, күнкөріс төмен отбасылардың еңбекке жарамды азаматтарына кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында Ауыл аманаты бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие және жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грантқа қатысу жолдары мен заңдылықтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.