Меню

Страницы

Статья

ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

Елімізде жас мемлекеттік қызметшілерге қолайлы жағдай жасалып, мүмкіндіктерін арттыру бағытында тың жобалар қолға алынып келеді. Себебі, жастар әркез еліміздің қозғаушы күші, әрі елдің ертеңі.

Өздеріңізге белгілі, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында дарынды жастарға ашық және тиімді әлеуметтік саты құру туралы үшін Президенттік жастар кадр резерві ұсынып, алғашқы қадамы жасалды. Тың бастама облысымызда қолға алынып, егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік бермек.

Түркістан облысында қолға алынып, Түркістан облысының кадр комиссиясы Түркістан облысының Өңірлік резервіне іріктеу туралы хабарлайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек;

2) құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;

3) жоғары білімі болуы;

4) үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) Өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала мөлтек ауданы, 32-көше, 16-ғимарат, Департаменттер үйі А немесе В блогы, 2-қабат, 295 кабинет.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты
және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында
(instagram-elgeqyzmet.turkistan, facebook-Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті) және келесі байланыс телефондары арқылы: 8-(725-33)-5-94-73, 5-97-21, 5-94-72 алуға болады.

Дата публикации
19 февраля 2024
Дата обновления
19 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы