Меню

Страницы

Статья

ӘДЕП УӘКІЛІНІҢ АВТОРЛЫҚ МАҚАЛАСЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Отырар ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі жұмыс жоспарына және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын жүзеге асыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Әдеп жөніндегі уәкілі Біржан Әшір 2024 жылдың қаңтар айында 4 жалпы кездесу, 2 жеке қабылдау өткізді. Әлеуметтік желіде атқарылған жұмыстар бойынша 4 материал, аудан әкімдігінің ресми-интернет ресурсында 4 материал жарияланды.

Сонымен қатар, баспа БАҚ беттерінде, атап айтар болсақ, ел газеті атанған – республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 16.02.2024 жылғы № 33 (30762) санында  «Бабадан жеткен әдеп», өңірлік «Оңтүстік Қазақстан» газетінде 15.02.2024 жылғы №19 (212535) санында «Бүгінгі міндет және Ұлы дала ұлағаты», жергілікті «Отырар алқабы» газетінде 16.02.2024 жылғы №7 (8436) санында «Ұлы дала өсиеті һәм ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы авторлық мақалалар жарық көрді.

Әдеп уәкілінің авторлық мақалаларын назарларыңызға ұсынамыз.

«Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаланың сілтемесі - https://egemen.kz/article/358307-babadan-dgetken-adep

Дата публикации
16 февраля 2024
Дата обновления
16 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы