Меню

Страницы

Статья

ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢАНАМА ТҮСІНДІРІЛДІ

Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Біржан Әшір Әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесуге Отырар ауданы әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысып, олардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Алдымен, Президент Жарлығымен бекітілген Әдеп нормаларын сақтау, Әдеп кодексіндегі адалдық, ашықтық, адал ниеттілік, сыпайылық, клиентке бағдарлану мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және қолданыстағы Заңға сәйкес жүргізіліп жатқан өзге де шараларды талдап өтті.

Кездесуде Біржан Отарбайұлы Отырар ауданы әкімдігі Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс жоспары бекітілгенін, жоспарға сай біршама мәселелерді басты назарға алғанын бас айтып өтті. Атап айтар болсақ, мемлекеттік мекеме теңгеріміндегі мүліктерге жапкершіліпен қарау, мемлекеттік қызметшілердің адал болу, әділдік пен туралықты ұстануы, олардың тарапына орын алатын құқықбұзушылықтардың алдын-алу бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды.

Жиынды қорытындысымен сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, мемлекеттік қызметшілерді қоғамның жегіқұртына айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға шақырды.

Дата публикации
13 февраля 2024
Дата обновления
13 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы