Меню

Страницы

Статья

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ АЛҒАШ КІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Біржан Әшір ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасымен бекітілген үлгілік жұмыс жоспары аясында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілерді  жеке қабылдады.

Жеке қабылдауда Бекжан Әшімов, Жадыра Олжабаева, Нұрдәулет Төребековтерді қабылдап, қызметтік әдеп нормаларымен, мекеменің ішкі тәртібімен, ұжымдық мәдениетпен және т.б. ережелермен таныстырды.

Мемлекеттік қызмет саласына Нұрдәулет Төребеков пен Жадыра Олжабаевалар алғаш рет қадам басса, Бекжан Әшімов 6 жыл үзіліс салып қайта оралды. Біліктілігі жоғары, түрлі салада тәжірибесі шыңдалған маман аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман қызметін атқарады.

2023 жылдың ІV тоқсанында Отырар ауданы әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарындағы бос лауазымдық орындарға 6 азамат қабылданған. Аталған азаматтар біліктілік талаптарына сәйкес конкурстық комиссияның оң қорытындысы бойынша жұмысқа орналасқан.

 

Дата публикации
19 декабря 2023
Дата обновления
19 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы