Отырар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан ауыл шаруашылығы және арнайы техникаларын мемлекеттік тіркеу мен номерін беру, техникалық байқаудан өту, жүргізу куәлігін беру немесе создыру және кепілге қою немесе алу мемлекеттік қызметтерін «е-лицензия» порталы арқылы электронды түрде алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Отырар ауданы әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Есбол Қасымбеков түсіндірме жұмыстарының барысында қолданыстағы заң талаптарына сай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ережелері мен нормаларына тоқталып өтті.
Ауыл шаруашылығы және арнайы техникалары иелері және жүргізушілері интернет көмегімен үйден шықпай-ақ немесе ауыл округі әкімі аппаратындағы «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен» е-лицензия порталы арқылы тиісті құжаттарын сканерлеп, жүктеп, өтініштерін жолдау мүмкіндіктері барын түсіндірді.
Бүгінгі таңда, қызмет алушыларға бөлім ғимаратында орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы мемлекеттік қызмет алу көмегін ұсыну, анықтама және кеңес беру үшін жауапты мамандар бекітілген.