Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Біржан Әшірдің төрағалығымен жиын өтіп, күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және қарсы іс-қимыл шараларының Отырар ауданында іске асырылу барысы талқыланды.
Кездесуге мемлекеттік мекеме және әкімдікке қарасты квазимемлекеттік сектор басшылары, жауапты қызметкерлері қатысып, ҚР Үкіметінің 31.05.2023 жылғы №358 қаулысымен бекітілген жобалық басқару қағидаларының Үлгілік базалық бағыттың төртінші блогы (ҮББ-4) бойынша 2023 жылы атқарған жұмыстарын таныстырып өтті.
Әдеп жөніндегі уәкіл Біржан Отарбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту жобасы аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымды атқаратын қызметкерлермен жүйелі түрде алдын-алу жұмыстарын жүргізу жүктелгенін айта келе, мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік секторлар өкілдеріне бекітілген тізбе бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, аппарат басшысы жүргізілген жұмыстарды, ішкі талдау нәтижелерін аудан әкімдігінің ресми-интернет ресурсында жариялануына да мән беруі ұсынды.
Жиында көтерілген мәселелер мен ұсыныс-пікірлер хаттамаға түсіріліп, тиісті салаларға орындау үшін жолданды.