Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасымен бекітілген жұмыс жоспарына және аудан әкімімен бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Біржан Әшір Талапты, Қоғам және Темір ауыл округтерінде болды.
Біржан Отарбайұлы ауыл округтеріндегі аудан әкімі тапсырмаларының орындалуы, көгалдандыру, тазалық, мемлекеттік мекемелердегі қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысымен танысты.
Мұнан соң Аппарат басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл ауыл округі әкімі аппараттарының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, қоғамдық ұйым өкілдерінің пікірін білді. Ауылдық округ әкімдеріне күре жолдың бойындағы қасбеттерге назар аударуды, көше және қоқыс полигонының тазалығы, аудан әкімі хаттамалық тапсырмаларының орындалуы, әскери есеп және салықтық түсімдер бойынша мемлекеттік қызметшілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Кездесулерде Талапты ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Мұратхан Құдайбергенов меншік иесі сатып жіберген көліктердің салығына байланысты, Қоғам ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Мейрамбай Нұрбеков жазғы вегетация кезеңіндегі шаруаларға су жеткізудің өзекті мәселелеріне назар аударды. Ал, Темір ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Темірхан Ерқұлов Темірдегі полигонға тасталатын қоқыс мәселесіне қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Сонымен қатар, кездесулерде Әдеп жөніндегі уәкіл Біржан Әшір Мемлекет басшысымен бекітілген Әдеп кодексі қағидаттарын түсіндірді. Адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану сынды қағидаттарға тереңінен тоқталып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына мән беру керектігіне баса назар аударды.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшінің әліппесі болуы керек екенін айта келе, ұжымдағы және ауылдағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік қызметшіге тән сабырлылық пен ұстамдылықты сақтай отырып, егемен еліміздің гүлденуі, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосуға, аянбай еңбек етуге шақырды.