Меню

Страницы

Статья

ТҰРҒЫНДАР ӘУРЕ-САРСАҢҒА САЛЫНБАУЫ ТИІС

Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Біржан Әшір Шәуілдір ауылында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Отырар аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінде болып, мемлекеттік қызмет көрсету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Халыққа қызмет көрсету бөлімінің ғимаратында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмыс кестесіне сәйкес «Нәтиже» халықтық кеңсесінде тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп келеді. Мұнда жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, әлеуметтік қызметтер және тұрғындардың өтініштерін қабылдаумен айналысатын жауапты қызметкерлерлер бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы орындалуы, әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және әуре-сарсаңға салмау туралы ұсыныстарын жеткізген Біржан Отарбайұлы мемлекеттік қызметшілермен қабылданатын шешімдердің заңдылығы, әділдігін және ашықтығын қамтамасыз етуге, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға шақырды.

Мұнан бөлек, Әдеп уәкілі күту залындағы және қызмет алушы тұрғындардың пікірін тыңдап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты ұсыныстарын тыңдады.

Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Асыл Махаловпен бірлесе жүргізілетін жұмыстарды талдай келе, жайлылықты қалыптастыру және орталық аумағындағы тазалық, көгалдандыру мәселелері бойынша тапсырма жүктеді.

 

Дата публикации
20 октября 2023
Дата обновления
20 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы