Меню

Страницы

Статья

ӘДЕП УӘКІЛІ АУЫЛ ОКРУГТЕРІН АРАЛАДЫ

Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Біржан Әшір әкімдікке қарасты Шілік, Ақтөбе ауыл округтерінде болды. Ауыл округтеріндегі мектеп, балабақша және емдеу мекемелеріндегі тазалық және жылу жүйелерінің жұмысымен танысып, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесті.

Кездесулерде Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысымен танысып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, тазалық, газдандыру және мекемелердің (мектеп, емхана, балабақша ғимараттарының) қысқы жылу беру маусымына дайындық жайы жан-жақты талданып, ауыл округтеріндегі өзекті мәселелерді шешу  бағытындағы жұмыстар сараланды.

Тұрғындардың мемлекеттік органға деген сенімі ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеті мен жұмысына байланысты қалыптасатындығын айтқан Біржан Отарбайұлы қызмет алушыларды әуре-сарсаңға салмауға, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға шақырды.

Кездесу барысында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін жұмыстарды жандандыруды, қызметкерлер арасында құқықтық оқулар өткізуді ұсынды.

Жиын соңында Әдеп уәкілі жеке қабылдау өткізіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңдары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Дата публикации
20 октября 2023
Дата обновления
20 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы