“Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау” мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі,
мансап орталығы,
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі:
Мансап орталығына жүгінген кезде мансап орталығы құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 15 жұмыс күні;
онлайн қызмет көрсетілген кезде – адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісім алған күннен бастап – 15 жұмыс күні;
кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 18 жұмыс күні;
Ескертпе* мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салу ресімдеген жағдайда құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі өтініш берушіге жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік 30 күнге дейін тиісті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұрау салу келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұзартылады;
мансап орталығында, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігінде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат обьектілерінің жұмыс графигі:
“Порталда” - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).