Маусым айының 1 мен 12 аралығында дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күн ретінде халықаралық күнтізбеге тіркелген. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Бала еңбегін қолдану көбіне ата-аналардың бұл мәселе жайында білмеуінен орын алуда.
Жаз болса бірден баласын жалдамалы жұмысқа жегетін әке-шешелер бар өкінішке орай. Заңымызда бала еңбегіне шектеу қойылып, оның ең нашар түрлеріне қылмыстық және әкімшілік жаза қарастырылған. Сонымен қатар Қ.Р конституциясымен мәжбүрлі еңбекке тиым салынған. Бұл мәселе бала еңбегін реттейтін арнайы заңмен де толықтырылған.
Кәмелетке толмаған балалар кафе-мейрамханаларда даяшы болып, ыдыс жуып, сауда-саттықпен айналысып, автокөлік жуып, егістікке шығып, тіпті құрылыста жұмыс істеп жүргендері жасырын емес. Бұл олардың дамуына, білім алуына кедергі жасап қана қоймай, әр баланың өміріне, ден-саулығына зиян келтіріп, психологиясына кері әсерін тигізеді.
Осыған байланысты жыл сайын республикамызда маусым айының 1 мен 12 аралығында "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес" ұлттық ақпараттық науқаны ұйымдастырылады. Бала - болашағымыз, ертеңгі өмірді жалғастырушы, ізбасар, сондықтан буыны бекімеген баланың еңбек құқығын сақтау азаматтық борышымыз. Әр бір бала қамсыз, жайлы да бақытты өмір сүруге лайықты.