Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д.Жазықбаевпен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің әдеп жөніндегі уәкілдері туралы мәліметтер көпшілікке қолжетімді болуы үшін QR код арқылы ұсынылуда.
Отырар ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарлары, олардың орындалуы мен әдеп жөніндегі нұсқаулықтар жинақталған QR код барлық мемлекеттік мекеме ғимараттарында ілінді.
Назарларыңызға әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан әзірленген QR ұсына отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Әдеп нормаларын ұсынамыз.