Отырар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы іске қосылғанын назарларыңызға ұсынады.
Оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыстар және қызметтер) үшін чекті мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі 1000 теңгемен толықтырылады.
Акция 2020 жылдың 13 мамырынан басталып, жылдың соңына дейін жалғасады.
Барлық тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!