Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі» аясында онлайн-семинар өткізеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болу, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін курсын өткізеді.

Оқуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген журналистер мен белсенді блогерлер, журналистика факультетінің студенттері қатыса алады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласындағы мамандар екі күн бойы қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сыныптарын өткізеді.

Курс бағдарламасында қатысушыларға түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:

- Зейнетақы активтерін ҚР ҰБ және ИПБ басқаруы;

- Цифрлық БЖЗҚ (Қордың электрондық қызметтері туралы тұсаукесер);

- ЕАЭО елдеріндегі зейнетақымен қамсыздандыру;

- БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің түрлері.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ-ның жұртшылықпен байланыс департаментінің басшылары қазіргі және болашақ әріптестеріне Қордағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қалай жүргізілетіні және жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты материалдарды қалай жасау керектігі туралы айтып береді.

Іс-шара онлайн-форматта 24 қарашада орыс тілінде және 25 қарашада қазақ тілінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.

Қатысу үшін алдын-ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет. Онда ТАӘ, БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы, қатысу күні, электрондық мекенжайы мен WhatsApp қосымшасы бар телефон нөмірі (шақыру-сілтеме жіберу үшін) сияқты жеке деректеріңіз көрсетілуі тиіс.  

Шақыру-сілтеме Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

            Мектеп жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараға айналды.

            2017 жылдан бастап оған 400-ге жуық журналистер мен студенттер қатысты.

Дата публикации
08 декабря 2022
Дата обновления
08 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Ақпарат
15 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы