Отырар ауданының «Отырар-Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Отырар ауданының «Отырар-Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген

ішкі талдау бойынша

 ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Шәуілдір ауылы                                                                                             20.08.2025ж  

         

Кіріспе бөлім:

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын мекеме атауы «Отырар-Қызмет» мемлекеттік комуналдық кәсіпорыны.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын кәсіпорынның мекен жайы; Отырар ауданы,Жібек Жолы даңғылы 64Б.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:
  • Мекеменің қызметін қозғайтын  нормативтік  құқықтық  актілерде және құқықтық актілерде, сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық жасауға  ықпал  ететін  дискрециялық  өкілеттік  пен нормаларды анықтау;

2)  Персоналды  басқару,  соның  ішінде  кадрлардың  ауысуы;

   3)  Мүдделер  қақтығысын  реттеу;

4)  Бақылау  функцияларын  іске асыру;

  

     Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін кәсіпорын,лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы туралы:

      Отырар аудан әкімдігінің «Отырар-Қызмет» МКК-ның директоры  Б.Ашимов

      Отырар аудан әкімдігінің «Отырар-Қызмет» МКК-ның бас есепшісі Р.Камалов

      Отырар аудан әкімдігінің «Отырар-Қызмет» МКК-ның абонент бақылаушысы

А.Тойшиева

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жұмыстары 02.07.2025ж.басталды 13.08.2025 ж аяқталды.

1.Нормативтік –құқықтық база.

 

Отырар аудан әкімдігінің «Отырар-Қызмет» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын және ауыз су қызмет саласындағы субъектілердің қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.   

 

 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша:

           

Отырар аудан әкімдігінің «Отырар-Қызмет» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының жұмысшы-қызметкерлерінің саны 37.

-Әкімшілік басқару қызметкерлері-2

-Ауыз су жүйелерінің техникалық және жұмысшы қызметкерлері -35.       

-Нақты айтқанда 33 ер адам, 4 әйел жұмыс жасайды.

-Бос лауазым орны жоқ. 

 

   Жұмысқа  орналасқанда  заңда көзделмеген артықшылықтарды беру мүмкіндігі анықталмады .

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Қызметкерлердің туыстық немесе басқада қатынастары бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізді нәтежесінеде теріс өкілеттіктермен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын бұзушылықтар орын алмаған. 03.04.2025ж директордың міндетін уақытша атқарушы Б.Ашимов тағайындалды. 23.04.2025 ж мекеменің бас есепшісі болып Р.Камалов жұмысқа қабылданды.

    Кәсіпорындағы жұмыскерлерге ақы төлеу ережесіне сәйкес жұмыскерлердің алдына қойылған мақсаттары мен міндеттерін сапалы, уақтылы және нәтижелі орындауы, бөлінген қаражаттарды мерзімінде игеру кезінде тәуекелдер анықталмады.

Кәсіпорындағы қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкес келуі бойынша: Барлық қызметкерлер орта және жоғары білімді, жұмыс тәжірбиесі бар білікті мамандар. Тәуекелділік анықталмады.

 

3.Мүдделер қақтығысын реттеу:

 

Кәсіпорында мүдделер қақтығысы орын алмаған. 2024 жылдың қорытындысымен кәсіпорын тарапынан азаматтардың арыз-шағымдары қаралмаған. Азаматтардан арыз шығымдар келіп түспеген. Кәсіпорынның ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ. Кәсіпорынға халықтан және бөлінген субсидия қаржысы жүз пайыз игерілген. Мемлекеттік сатып алулар ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамасына сәйкес жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлықтың  көріністері байқалмады.

 

 

 

 

 

4.Бақылау функцияларын іске асыру:

 

ҚР Еңбек кодекісінің (бұдан әрі- Кодекс) 1-бабы 1-тармағы 27)-тармақшасында еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға –өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскерлердің, жіберуші тарап жұмыскерлердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан олардың еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге,жіберуші тараптың жұмыскеріне әсер етуі-деп түсіндіріледі.

 Ал аталған бабтың 61)-тармақшасында өндірістік жарақат-жұмыскерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттіліктен айырылуына  әкеп соққан денсаулығының зақымдануы-деп түсіндірілген. Яғни «өндірістік жарақат» түсінігінде зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуі көрсетілмеген. Демек мемлекеттік еңбек инспекторы немесе комиссия жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру кезінде аталған жазатайым оқиғаны «өндірістік жарақат» түсінігіне сәйкес, өндірістік факторлар әсер етпеген жағдайда еңбек қызметіне байланысты етуіне болады, немесе «еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға» түсінігіне сәйкес,еңбек қызметіне байланысты емес деп тануғада болатыны анықталып отыр

 

                                 Қорытынды:

 

         Кәсіпорын қызметінде кәсіпорынмен су тұтынушы арасында шарт арқылы кәсіпорын тарапынан су таратылады. Осыған орай, тұтынушылармен кәсіпорын арасында суды үздіксіз тиімді жеткізу болып табылады.

 

 

 

 

 

«Отырар-Қызмет» МКК  директоры :                            Б.Ашимов                                           

 

Ішкі талдау жүргізген жұмысшы

топ жетекшісі:                                                                    А.Тойшиева        

                        

Бас есепші:                                                                            Р.Камалов

 

 

Дата публикации
11 ноября 2025