Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 2-бабына, 17-бабының 2) – тармақшасына және 84-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, 115-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61, 63 65 және 69-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Түркістан-Шәуілдір бағытындағы жолды қайта құру (70 шақырым) мақсатында осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару 2025 жылдың 2 қазанынан бастап 2026 жылдың 2 сәуіріне дейін өткізілсін.
  3. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелерінің меншік иелері мен мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдіру ескертілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеевке жүктелсін.

         .  

 

Аудан әкімі                                                               Қ.Жолдыбай

 

Дата публикации
09 октября 2025