2025 жылғы 14 қыркүйекте Отырар ауданы Талапты ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Отырар ауданы Талапты ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Талапты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2815 азамат енгізілді, олардың 1898 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әбілқасым Е.Б. – 1568; Қуатбеков Ж.С. – 161; Шәпиев Е.С. – 152; «Барлығына қарсы» – 4.
1974 жылы туылған, уақытша жұмыссыз, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шытты ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған Әбілқасым Ербол Буғыбайұлы Талапты ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы