2020 жылғы 1 қазанға аудандық бюджеттің орындалуы туралы

2020 жылғы 1 қазанға аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жоспары  856 454,0 мың теңгеге жоспарланса, 946 981,6 мың теңге болып 110,6 %-ға немесе     90 527,6  мың  теңгеге артық орындалған.

Аудандық бюджетте шығыстардың жоспары 13 496 284,0 мың теңге болып, яғни жоспарланса 13 495 544,8 теңге болып 100 %-ға  орындалды. Қалдық 739,2 мың теңгеге кем орындалды.

2020 жылдың 1 қазанға   жаратылған 13 496 284,0 мың болса игерілуі 13 495 544,8 теңгенің,  әлеуметтік салаға бағытталған, оның ішінде: білім саласына 7 961 648,1 мың теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға -873 703,7мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына –635 825,9 мың теңге жұмсалған.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге – 612 080,6 мың теңге, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарына – 1 597 217,5 мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік көлік және коммуникация шығындарына – 579 813,4 мың теңге, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі шығындарына –291 480,7 мың теңге жұмсалды.  Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану шығындарына, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары шығындарына – 48 734,2 мың теңге жұмсалды.

Дата публикации
01 октября 2020