2020 жылғы 1 шілдеге аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жоспары 660 997,0 мың теңгеге жоспарланса, 689 273,1 мың теңге болып 104,3 %-ға немесе 28 276,1 мың теңгеге артық орындалған.
Аудандық бюджетте шығыстардың жоспары 10 733 990,0 мың теңге болып, яғни жоспарланса 10 705 308,7 теңге болып 99,7 %-ға орындалды. Қалдық 28 681,3 мың теңге.
2020 жылдың 1 тамызға жаратылған 10 733 990,0 мың болса игерілуі 10 705 308,7 теңгенің 7 150 293,3 мың теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған, оның ішінде: білім саласына – 6 494 300,0 мың теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға -655 993,3, мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына – 525 592,7 мың теңге жұмсалған.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге – 475 241,3 мың теңге, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарына – 1 323 926,2 мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік көлік және коммуникация шығындарына – 525 592,7 мың теңге, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі шығындарына –243 815,0 мың теңге жұмсалды. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану шығындарына, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары шығындарына – 450 059,0 мың теңге жұмсалды.