2020 жылғы 1 шілдеге аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жоспары 572 636,0 мың теңгеге жоспарланса, 648 139,5 мың теңге болып 113,2 %-ға немесе 75 503,5мың теңгеге артық орындалған.
Аудандық бюджетте шығыстардың жоспары 9 190 639,0 мың теңге болып, яғни жоспарланса 9 190 387,1 теңге болып 100 %-ға орындалды. Қалдық 251,9 мың теңге.
2020 жылдың 1 шілдеге жаратылған 9 190 639,0 мың болса игерілуі 9 190 387,1 теңгенің 6 717 181,4 мың теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған, оның ішінде: білім саласына – 6 192 021,9 мың теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға –525 159,5 мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына – 456 111,5 мың теңге жұмсалған.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге – 397 431,0 мың теңге, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарына – 957 852,5 мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік көлік және коммуникация шығындарына – 456 111,5 мың теңге, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі шығындарына – 122 517,5 мың теңге жұмсалды. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану шығындарына, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары шығындарына – 341 910,8 мың теңге жұмсалды.