2020 жылғы 1 маусымға аудандық бюджеттің орындалуы туралы

2020 жылғы 1 маусымға аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жоспары           452 438,0 мың теңгеге жоспарланса, 519 122,8 мың теңге болып 114,7 %-ға немесе     66 685,0 мың  теңгеге артық орындалған.

Аудандық бюджетте шығыстардың жоспары 6 464 007,0 мың теңге болып, яғни жоспарланса 6 440 869,8 теңге болып 99,6 %-ға немесе 23 137,2 мың теңгеге кем орындалған.

2020 жылдың 1 маусымға жаратылған 6 464 007,0 мың болса игерілуі 6 440 869,8 теңгенің 5 106 996,1 мың теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған, оның ішінде: білім саласына – 4 324 459,1 мың теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға –418 561,3, мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына – 363 975,7 мың теңге жұмсалған.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге – 316 095,8 мың теңге, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарына – 710 542,7 мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік көлік және коммуникация шығындарына – 363 975,7 мың теңге, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі шығындарына – 77 080 мың теңге жұмсалды.  Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану шығындарына, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары шығындарына – 232 878,5 мың теңге жұмсалды.

Дата публикации
01 июня 2020