2020 жылғы 1 мамырға аудандық бюджеттің орындалуы туралы

2020 жылғы 1 мамырға аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жоспары           347 653,0 мың теңгеге жоспарланса, 339 996,5 мың теңге болып 113,0 %-ға немесе     45343,5 мың  теңгеге артық орындалған.

Аудандық бюджетте шығыстардың жоспары 4 592 088,0 мың теңге болып, яғни орындалуы 4 583 529,6 мың теңге болып 99,8%-ға немесе 8558,4 мың теңгеге кем орындалған.

2020 жылдың 1 мамырға жаратылған 4 592 088,0 мың болса игерілуі 4 583 529,6 теңгенің 3 263 192,5 мың теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған, оның ішінде: білім саласына – 3 262 577,6 мың теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға –319 068,3, мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына – 295 794,7 мың теңге жұмсалған.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге – 245 046   мың теңге, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарына – 338 673,2 мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығындарына – 295 794,7 мың теңге, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі шығындарына – 17 152,4 мың теңге жұмсалды. Көлік және коммуникация шығындарына, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану шығындарына, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары шығындарына – 14 630,2 мың теңге жұмсалды.

Дата публикации
04 мая 2020