2020 жылғы 1 наурызға аудандық бюджеттің орындалуы туралы

2020 жылғы 1 наурызға аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жоспары 204 723    мың теңгеге жоспарланса, 297 788,6 мың теңге болып 145,5%-ға немесе     93 065,6 мың  теңгеге артық орындалған.

Аудандық бюджетте шығыстардың жоспары 2 027 885 мың теңге болып, яғни жоспарланса 2 016 308,0 теңге болып 99,4%-ға немесе 11 577,0 мың теңгеге кем орындалған.

2020 жылдың 1 наурызға жаратылған 2 027 885 мың болса игерілуі 2 016 308 теңгенің 1 576 017 мың теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған, оның ішінде: білім саласына – 1 575 743 мың теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 141 578, мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына – 132 635,0мың теңге жұмсалған.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге – 114 786 мың теңге, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарына – 60 993,0 мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығындарына – 132 635,0 мың теңге, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі шығындарына – 5 371,0 мың теңге жұмсалды. Көлік және коммуникация шығындарына, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану шығындарына, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары шығындарына – 6 417,0 мың теңге жұмсалды.

Дата публикации
02 марта 2020