Хабарландыру

Хабарландыру

Құрметті Отырар ауданы тұрғындары!

 

Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына сәйкес:

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;  толық емес отбасылар санаты бойынша кезекте тұрған азаматтарға «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін, әлеуметтік көмек ретінде 1 млн. теңге көлемінде тұрғын үй сертификаттары берілетінін хабарлаймыз.

«Бақыты отбасы» бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттары үшін  Отырар ауданында 2020 жылға 5 млн теңге қаржы қаралғандығын назарларыңызға жеткіземіз.

 

Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Дата публикации
10 ноября 2020