Отырар ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Отырар ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 13 шілдеде Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Отырар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 3164 азамат енгізілді, олардың 2171 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бейсенов Д.А. – 226; Мауленкулов С.Т. – 271; Төлбасы Б.Т. – 1664; «Барлығына қарсы» – 0.

1981 жылы туылған, Отырар ауыл округі әкімі аппаратының бас маман - іс басқарушы, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Төлбасы Бауыржан Тоқтарханұлы Отырар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
14 июля 2025