Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 13 шілдеде Отырар ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Отырар ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1008 азамат енгізілді, олардың 645 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бақбергенов А.Б. – 486; Касымбеков Е.Т. – 83; Кизбаев М.Ш. – 63; «Барлығына қарсы» – 0.
1990 жылы туылған, Талапты ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Бақбергенов Арапбай Бақытбекұлы Ақтөбе ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы