Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 13 шілдеде Отырар ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Отырар ауданы Аққұм ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 845 азамат енгізілді, олардың 572 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жандарбеков О.Б. – 54; Жанжигитова Н.Б. – 420; Зернабиев Ж.А. – 87; «Барлығына қарсы» – 0.

1979 жылы туылған, Аққұм ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс бақарушысы, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Аққұм ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Жанжигитова Нурсулу Беделхановна Аққұм ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
14 июля 2025