Аудан әкімінің 2025 жылдың наурыз айында ауыл округі тұрғындарымен кездесуінде көтерілген ұсыныс-пікірлерді іске асыру жоспарының орындалуы (10.07.2025 жыл)

Аудан әкімінің 2025 жылдың наурыз айында ауыл округі тұрғындарымен кездесуінде көтерілген ұсыныс-пікірлерді іске асыру жоспарының орындалуы (10.07.2025 жыл)

                         

  Қ/С

Тапсырма

Орындалуы

 

 Балтакөл ауыл округі

 

1

1. Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Әбдімәлік (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

1.2. Балтакөл ауылындағы жедел жәрдем автокөлігін жаңалау бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:12.08.2025 жыл.

Орындалу үстінде

Балтакөл ауылдық ауруханасында 1 дана жедел жәрдем автокөлігі жұмыс жасап тұр.

Сондай-ақ, Отырар ауданына  6 дана уаз авто көлігі және 4 дана LADA Largus авто көліктерін алу бойынша Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік өтінім енгізілген. Оң шешім шыққан жағдайда Балтакөл ауылына жаңа жедел жәрдем автокөлігі бөлінеді.

2

1.3. Самырат елді мекенінде орналасқан медициналық тіректің жылу жүйесінің ақауларын қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:17.03.2025 жыл.

Орындалды.

Қазіргі таңда кәсіпорын тарапынан «Балтакөл» дәрігерлік амбулаториясына қарасты, Самырат елді-мекенінде орналасқан медициналық тіректің жылу қазандығына желдеткіш (вентилятор) қойылып,  жылу жүйесінің  ақаулары толықтай қалпына келтірілді.

Отырар аудандық орталық ауруханасының 20.03.2025 жылғы  №223 санды хаты.

3

2. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, Балтакөл ауыл округінің әкімі С.Ателов, заң талаптарына сәйкес:

2.3. Көлқұдық елді мекенінің ауыз су жүйесіндегі су тазарту сүзгішін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:30.05.2025 жыл.

Орындалды.

2025 жылы Көлқұдық елді мекенінің ауыз су жүйесіндегі су тазарту сүзгішін ауыстыру және су жүйелерін ағымдағы  жөндеу  жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 13,0 млн теңге қаралып, сәуір айында су тазарту сүзгіші ауыстырылды. Қазіргі таңда ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

4

2.9.   «Көксарай-Балтакөл» бағытындағы автожолды  жөндеуден өткізу мақсатында қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:25.04.2025 жыл.

Орындалмаған.

Облыстық маңыздағы КХ-23 автокөлік жолыны облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырысшы болғандықтан аталған жолға тиісті жөндеу жұмыстарын қаржыландыру басқарма тарапынан атқарылады. 2025 жылы басқарма тарапынан кезекті облыстық бюджетті нақтылау барысында аталған автокөлік жолын жөндеу үшін жалпы құны 5,7 млрд.теңге болатын жоба қаржыландыруға ұсынылғанмен, бюджеттен қолдау таппаған. Осыған орай, ағымдағы жылы «Көксарай-Балтакөл» бағытындағы автожолына «Оңтүстік жолдары» МКК ағымдағы жөндеу (ямочный ремонт) жұмыстары атқарылуда.   

 

Маяқұм ауыл округі

 

5

2. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Есінбек заң талаптарына сәйкес:

2.1. Маяқұм ауылының ауыз су сапасын жақсарту мақсатында арнайы тұндырғыш орнату бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 20.03.2025 жыл.

Орындалды.

Маяқұм ауыл округіндегі ауыз су желілері мен су мұнарасын ағымдағы жөндеу жұмыстарына құны 168 млн. теңге болатын ЖСҚ әзірленіп, мердігер мекеме анықталған. Бүгінгі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Маяқұм ауылын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған ұңғының ішінен тас аралас лай су ағуына баланысты су сапасын жақсарту мақсатында биіктігі 1,70 м, деаметрі 1,20 м темір су тұндырғышы орнатылды.

Маяқұм ауыл округінің 27.05.2025 жылғы №40-10-23/79 санды хаты.

6

3. Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, аудандық полиция бөлімі Б.Нышанбаев (келісім бойынша), Отырар аудандық Мансап орталығының директоры Е.Әбиев заң талаптарына сәйкес:

3.1. Учаскелік полиция инспекторының ауылда тұрғылықты тұрып қызмет атқаруын қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: тұрақты.

Орындалды

Маяқұм  ауыл округіне бекітілген учаскелік полиция инспекторы Қадірбек Азамат Ілесбекұлы Маяқұм ауылы Қ. Сұлтанбаев  көшесі №11 үйінде тұрады.

Полиция бөлімінің 30.04.2025 жылғы №30-1/90/519-И санды хаты.

 

7

3.3. Аудан көлемінде жұмыс жасап жатқан жұмыс беруші инвесторлар туралы (айлық жалақы, әлеуметтік аударымдар, жатын орын және т.б.) жұмыссыз азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 30.03.2025 жылға дейін.

Орындалды.

Отырар ауданында орналасқан «Kazakhstan Lihua», «Алтын дала мақта» ЖШС жұмыс беруші инвестор 1400 бос жұмысын ұсынған болатын.

Осыған орай, «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде ұдайы хабарландырылуда. Сонымен қатар, ауыл округі  әкімдерімен бірлесе отырып, аудан тұрғындарымен кездесулер және «Мансап» орталығына мамандары жұмыс сұрап келген жұмыссыз азаматтарды «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-не инвесторларға апарып, ұсынылатын жұмыстардың барысымен таныстыру жұмыстары жүргізілуде.

Отырар ауданындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту мақсатында 02.05.2025 жылы аудандық Мансап орталығында жәрмеңке өткізіліп, нәтижесінде «Түркістан Агро өнеркәсіп кешені» ЖШС-на 106 адам жұмыспен қамтылды.

Мансап орталығының 25.04.2025 жылғы №44-10/255 санды хаты.

 

Көксарай ауыл округі

 

8

1. Аудан әкімнің орынбасары Қ.Сейітқұл, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Көлбай заң талаптарына сәйкес:

1.2. Аудан көлеміндегі жұмыс жасап жатқан ірі мекемелер мен инвесторлардан аудан бюджетіне салықтық түсім түсіруге жұмыс жасасын.

Орындау мерзімі: 01.04.2025 жыл.

 Орындалды.

 Аудан бюджетінің түсімдерін арттыру мақсатында аудан аумағында жұмыс жасап жатқан ірі кәсіпорындардың жергілікті бюджетке салық төлеуі бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде «QAZAQ BITUM Processing» ЖШС-нен корпоративтік табыс салығы бойынша жергілікті бюджетке 154,1 млн. теңге төлем жасалынып, қосымша кіріс анықталды. Алдағы уақытта да, аудан аумағында жұмыс жасап жатқан өзге де ірі кәсіпорындардан қосымша кіріс көздерін анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілетін болады. Бюджеттік түсімдерді анықтайтын 2-43 формасы қоса тігілді.

Экономика бөлімінің 16.04.2025 жылғы №ПР-130442 санды хаты.

9

1.4. Көксарай ауылындағы ауыз су мұнарасындағы  салқын сумен қамтамасыз ету құрылғыларына зерделеу жүргізіп, ұсыныс енгізсін.

Орындау мерзімі: 20.03.2025 жыл.

Орындалды.

Көксарай елді мекенідегі ауыз су жүйесінде жобада қондырылған салқындату қондырғысы тұрақты жұмыс жасауға №533, №533-1 ұңғымалардың дебеті жеткіліксіздігі туындауда. Бұл аталған мәселе мердігер мекеме мен тиісті мамандардың қатысуымен анықталған. Аталған мәселені шешу үшін «Отырар-Қызмет» МКК мамандары тарапынан ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспаралануда. Жөндеу жұмыстары атқарылғаннан кейін ауыз су салқындатқышы қалыпты жұмыс жағдайында іске қосылады.

10

2. Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, «Каз Сушар» РМК Отырар аудандық өндірістік бөлімшесінің басшысы М.Раев (келісім бойынша) заң талаптарына сәйкес:

2.1. Ауыл округіндегі агроқұрылым төрағаларымен арнайы жиын өткізіп канал басындағы бекітілген тоғанды ашуды ұйымдастырсын.

Орындау мерзімі: 20.03.2025 жыл.

Орындалды.

Көксарай, Есіркеп, Беларық және Маяқұм каналдарының тоғандары наурыз айының 26-сы күні аудандық төтенше жағдайлар мекемесінің рұқсатымен ашылды.

«Қазсушар» Отырар өндірістік бөлімшесінің 23.04.2025 жылғы №28-9-31/55 санды хаты.

11

2.2. Жаз айларында егіске қажетті су тапшылығын болдырмау мақсатында ағын суға берілетін лимитті көбейтуге жұмыс жасасын.

 Орындау мерзімі: 01.04.2025 жыл.

Орындалды.

Арал Сырдария бассейндік инспекциясынан Отырар өндірістік бөлімшесі арқылы Отырар ауданы су пайдаланушыларына 263 млн 300 мың текше метр болған. Өткен жылы су пайдаланушылардың барлық пайдаланған су көлемі 112 млн текше метрді құрады. Су жеткілікті көлемде берілуде.

«Қазсушар» Отырар өндірістік бөлімшесінің 23.04.2025 жылғы №28-9-31/55 санды хаты.

12

3. Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, Отырар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Е.Рысқұлов (келісім бойынша), Отырар аудандық аурухана бас дәрігері Б.Әбдімәлік (келісім бойынша), Көксарай ауыл округінің әкімі Ә.Қалмұратұлы заң талаптарына сәйкес:

3.1. Тері лейшманиозы ауруының алдын алу және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: Тұрақты.

Орындалды.

ҚР ДСМ 2022 жылғы 16 мамырдағы №44 қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес 10-тармақ «Лейшманиоздың алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» негізінде:

1) «Лейшманиоз ауыруының алдын алу үшін 2023-2027ж кешенді жоспары»;

2) «Паразиттік аурушандықтарға қарсы күресу және алдын алу шаралары жөніндегі негізгі ұйымдастыру жұмыстарының 2023-2025ж арналған кешенді іс жоспары» арналған.

3) 2025 жылдың 3 ақпанында лейшманиоз ауыруының алдын алу үшін табиғи ошақтағы ауыл округ әкімдері және аға дәрігерлерінің  қатысуымен әкім аппараты жанындағы үйлестіру кеңесі өткізіліп шешімі шығарылды.

4) Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбайдың «Жұмыс тобын құру және профилактикалық іс шара жоспарын бекіту туралы» №48 25.02.2025ж Өкімі шығарылды.

5) Лейшманиоз ауруының тасымалдаушысы үндемеске қарсы дезинсекция

 1 кезең  21-28.04.2025ж -20-27.05.2025ж

 2 кезең 17-25.04.2025ж -05-12.07.2025ж жүргізілді.

6) Лейшманиоз ауруының тасмалдаушысы үндемеске қарсы дератизация

1 кезең 21-28.05.2025ж – 18-25.06.2025ж

2 кезең 06.10.2025ж-06.11.2025ж жүргізіледі.

Халық арасында тері лейшманиозының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

 

Аққұм ауыл округі

 

13

Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Әшір, заң талаптарына сәйкес:

1.1.     Аққұм ауыл округіндегі конкурсқа ұсынылатын ауылшаруашылығы жерлері бойынша Аққұм ауылының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдын-ала хабарлама берілсін.

Орындау мерзімі:31.03.2025 жыл, әрі қарай айына 1 рет мәлімет.

Орындалу үстінде.

Аққұм ауыл округіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне алдағы уақытта конкурс өткізу уақыты белгіленген кезде ауыл тұрғындарына толықтай түсіндірме  жұмыстары жүргізіліп, хабарлама жолданады.

Жер қатынастары бөлімінің 10.04.2025 жылғы №10-10-15-35 санды хаты.

14

2.Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

2.1  Аудан көлемінде білім нысандарының бастауыш сыныптарына берілетін ыстық тамақтың сапалы берілуі қадағалансын.

 Орындау мерзімі:тұрақты, айына 1рет                                      мәлімет

Орындалды.

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты 40 білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптары Қазақ тағамтану академиясы ұсынған ас мәзірі негізінде бір мезеттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Білім беру мекемелері басшылығымен құрылған брокеражды комиссия тамақтың сапасы мен берілуіне қадағалау жүргізіп, бақылауға алынды.

Білім бөлімінің 17.04.2025 жылғы №41-10/481 санды хаты.

 

Ақтөбе ауыл округі

 

15

1. Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, Ақтөбе ауыл округінің әкімі И.Тайгелтір, заң талаптарына сәйкес:

1.2.  Р-1 каналының құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:01.07.2025 жыл.

Орындалмаған.

Р-1 каналының құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша «Тұран су» мекемесіне Ордабасы ауданындағы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарынан қалған, шамамен 300-400 метрін және 2 аудан шекарасындағы жалғаспай қалған                 2 шақырым бөлігін жөндеу жұмыстарының толығымен аяқтау жөнінде аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеевтің  26.03.2025 жылғы №40-10-01/789 санды ұсыныс хаты жолданды. Алайда,  құзырлы органдармен тексеру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты құрылысы тоқтап тұр.

Ауыл шаруашылық бөлімінің 17.04.2025 жылғы    №40-10-14/160 санды хаты.

16

2.    Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Әшір, Ақтөбе ауыл округінің әкімі И.Тайгелтір, заң талаптарына сәйкес:

2.1. Ақтөбе ауыл округіндегі барлық жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтамай пайдаланып отырған ауылшаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:тұрақты.

Тұрақты.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтамай пайдаланып отырған 162 агроқұрылымының пайдалануындағы 61 000 (алпыс бір мың) гектар жер телімі анықталып, қайтару жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Ақтөбе ауыл округі бойынша 3 агроқұрылымының  пайдалануындағы 675 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі анықталып жер иелеріне бөлім тарапынан келісім-шарты бір жақтама бұзу бойынша хабарлама жолданды. Алдағы уақытта сот арқылы қайтарылған жағдайда ауыл округінің ортақ жайылымына берілетін болады.

Жер қатынастары бөлімінің 10.04.2025 жылғы №10-10-15-35 санды хаты.

 

Темір ауыл округі

 

17

2. Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Есінбек, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және дене-шынықтыру  бөлімінің басшысы С.Құттыбай, заң талаптарына сәйкес:

2.1. Темір ауылынан жабық спорт кешенін салу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:01.05.2025 жыл.

Орындалу үстінде

 Темір ауылындағы жабық спорт кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп 12.09.2024ж сараптама қорытындысы (№ZHAUN-0072/24 Сметалық құны 608 348,0 мың теңге) алынған.

Қазіргі таңда қаржыландыру мақсатында құрылыс басқармасына облыстың 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасына енгізу үшін ұсынылды.

Құрылыс бөлімінің 04.04.2025 жылғы 40-10-12/399 санды хат.

18

4. Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, «Қазсушар» РМК Отырар аудандық өндірістік бөлімше басшысы М.Раев (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

4.1 Аудандағы көлденең қашыртқылар мен Шәуілдір бас коллекторды тазалату бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:01.05.2025 жыл.

Орындалмаған.

2024 жылы Шәуілдір бас коллекторының 26 шақырым бөлігіне мердігер «BAYTIK GROUP» ЖШС мекемесі механикалық тазалау жұмыстарын жүргізген. Алайда, тапсырысшы «Қазсушар» РМК тарапынан биылғы жылы механикалық тазалау жұмыстар басталмаған.

«Қазсушар» Отырар өндірістік бөлімшесінің 23.04.2025 жылғы №28-9-31/55 санды хаты.

 

Шілік ауыл округі

19

1.     Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Әшір, Шілік ауыл округінің әкімі Б.Орынбасаров, заң талаптарына сәйкес:

1.3. Ауылдарда алдағы уақыттарда берілетін кез-келген (суармалы, жайылымдық, шабындық) жерлерді ауыл тұрғындарымен кездесу өткізу арқылы ауыл әкімінің рұқсатымен беруді ұйымдастырсын.

Орындау мерзімі: тұрақты.

Тұрақты.

Аудан көлемінде алдағы уақытта берілетін (суармалы, жайылымдық, шабындық) жер телімдеріне ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп аудан әкіміне ұсынылады.

Жер қатынастары бөлімінің 02.05.2025 жылғы №40-10-15/418 санды хаты.

 

Қарақоңыр ауыл округі

 

20

1.  Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, Қарақоңыр ауыл округінің әкімі С.Айсеитов, заң талаптарына сәйкес:

1.2. Қостүйін елді мекенін газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:12.05.2025 жыл.

Орындалу үстінде

Қостүйін елді мекенін газдандыру бойынша ЖСҚ әзірленіп, 2024 жылы сараптама қорытындысы алынып, облыстық бюджетке ұсынылған.

 

21

1.3 Ш. Қалдаяқов ауылының ауыз суын 24 сағат берілуін қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: тұрақты

Орындалды.

Ескі «Артизан» су көзі арқылы тартылған желі жаңа су жинау ұңғымасына қосылып, толықтай жаңартылды.

Қазіргі  таңда ауылтұрғындарына тәулігіне 24 сағат бойы үздіксіз ауыз су берілуде.

Қарақоңыр ауыл округінің 30.05.2025 жылғы №40-10-22/93 санды хаты..

 

22

1.6. Ш. Қалдаяқов ауылынан Шәуілдір ауылына қоғамдық көліктердің қатынауын ұйымдастырсын.

Орындау мерзімі:12.04.2025 жыл.

Орындалды.

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың 1 мамырынан бастап Шәуілдір-Арыс бағытында қоғамдық көлік жүргізілуде.

Қарақоңыр ауыл округінің 18.04.2025 жылғы №40-10-22/73 санды хаты.

 

 

23

2. Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Әбдімәлік (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

2.2. Ауыл тұрғыны Қожатаева Айжанның (өтінішіне) Алматы қаласындағы Асфандияров атындағы мемлекеттік медициналық университетте ауыл квотасымен оқитын қызына заң талаптарына сәйкес тиісті сенімгерлік (ходотайство) хатын беруді қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: 14.03.2025 жыл

Орындалды.

«Отырар аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорын (әрі қарай-Кәсіпорын) әкімшілігі, интернатураны аяқтағаны туралы куәлік немесе диплом алғаннан кейін «Жалпы медицина» мамандығын бітіруші Пернебай Аяулым Бауыржанқызы 2025 жылдың 1-қыркүйегінен бастап, жалпы тәжірибелік дәрігер лауазымына жұмысқа қабылдауға 13.03.2025ж №192 санды  кепілдік хат берілді.

Отырар аудандық орталық ауруханасының 20.03.2025 жылғы №223 санды  хаты.

 

Талапты ауыл округі

 

24

1. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, Талапты ауыл округінің әкімі С.Одаман, заң талаптарына сәйкес:

1.4. Астана көшесінен Көкмардан мектебіне дейінгі аралыққа аяқ жол салу, жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 15.06.2025 жыл

Орындалу үстінде

Астана көшесінен Көкмардан мектебіне дейінгі  баратын жол М.Қабылов көшесіне 2025 жылы аяқ жол салу, жарықтандыру үшін ақуалық акт және ЖСҚ (смета) әзірленіп, 2025 жылға ұсынылған.

Талапты ауыл округінің 27.03.2025 жылғы №40-10-014/808 санды хаты.

25

2. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, полиция бөлімінің бастығы Б.Нышанбаев (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

2.1. «Шәуілдір-Түркістан» бағытындағы Қоғам ауыл округінде орналасқан мазарат алдынан кері айналма ашу бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 15.04.2025 жыл.

Орындалу үстінде.

28.03.2025 жылы ТО ПД-нің Әкімшілік полиция басқармасы және Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобил жолдары басқармасының мамандары, «АлемТрансЖол» ЖШС-нің учаскі басшысы «Улмад» ЖШС-нің инженері және Отырар АПБ-нің қызметкерлерімен мазарат алдынан кері айналма жол ашу мақсатында АКТ түзіліп, орны белгіленді.

Алдағы уақытта  жол құрылысы аяқталған соң мазарат алдынан кері айналма жол ашылатын болады.

Полиция бөлімінің 03.04.2025 жылғы №30-1/90/405 санды хат.

26

6. Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Әбдімәлік (келісім бойынша), аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Нышанбаев (келісім бойынша), аудандық «Мансап» орталығының директоры Е.Әбиев (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

 6.1. Ауданда тегін берілетін дәрі-дәрмектерді елді мекендерге тұрақты тарату бойынша жұмыстар жүргізілсін.

 Орындау мерзімі: тұрақты.

Орындалды.

ҚР Денсаулық сақтау министірінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚРДСМ-75 бұйрығына сәйкес шалғай орналасқан елді мекендерге Аққұм, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл, Ақтөбе, Шілік, Қарақоңыр дәрігерлік амбулаториясында есепте тұрған тұрғындарға дәрі-дәрмектердің жеткізілуін қадағалауын қамтамасыз етуін барлық дәрігерлік амбулаторияның аға мейіргерлеріне 18.03.2025 жылғы №60 санды  бұйрығымен жүктелінді.

Отырар аудандық орталық ауруханасының 20.03.2025 жылғы №223 санды хаты.

27   

6.2. Аудан аумағында мал ұрлығының алдын - алу және жою бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: тұрақты

Тұрақты

Отырар ауданы аумағында 13 ауыл округтері бойынша мал ұрлығының алдын алу және жою мақсатында Отырар АПБ-нің бастығының 18.03.2025 жылы №87 бұйрығымен Отырар АПБ-нің жеке құрам қызметкерлерімен топ құрылып, күнделікті күндізгі және түнгі мезгілде ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.

Полиция бөлімінің 30.04.2025 жылғы №30-1/90/519-И санды хаты.

28

6.3. «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-не жұмысқа орналасатын жұмысшыларды аудандық «Мансап» орталығы арқылы қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: аптасына 1 рет мәлімет, тұрақты

Орындалды.

Қазіргі таңда «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-не 106 адам жолданды.

Мансап орталығының 25.04.2025 жылғы №44-10/255 санды хаты.

 

 

Қоғам ауыл округі

 

29

1. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, Қоғам ауыл округінің әкімі Ш.Жамалханов, заң талаптарына сәйкес:

1.2. «Қоғам-Шәуілдір» аралығында қатынайтын қоғамдық көлікті жүргізу бойынша жұмыстар  жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 15.04.2025 жыл, әрі қарай тұрақты.

Орындалды.

«Қоғам-Шәуілдір» аралығындағы қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету бойынша конкурс өткізіліп, жеңімпаз медігер анықталды. Жеңімпаз тасымалдаушы «Мухтарали» ЖШС. 2025 жылдың сәуір айының 10 күнінен бастап жүргізілді.

Тұрғын үй бөлімінің 31.03.2025 жылғы №40-12-17/80 санды хаты.

30

1.3. Қоғам ауылының Ұ.Арғынбеков даңғылы бойындағы жарық жүйелерін қосу бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 15.04.2025 жыл.

Орындалды.

Қоғам ауылының Ұ.Арғынбеков даңғылы бойындағы жарық шамдары аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің коммуналдық меншігіне алынып, жарықтандыру бағаналары

27 наурыздан бастап пайдалануға берілді.

Қоғам ауыл округінің 31.03.2025 жылғы №40-10-30/92 санды хаты.

31

1.4. Талапты ауылындағы Тәуелсіздік көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 30.05.2025 жыл.

Орындалу үстінде

Талапты ауылындағы ұзындығы 1 шақырым Тәуелсіздік көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу үшін 37,8 млн теңгеге  ЖСҚ әзірленіп, қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу өткізілуде.

Қоғам ауыл округінің 23.05.2025 жылғы №40-10-30/136 санды хаты.

32

4. Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Құттыбай, Қоғам ауыл округінің әкімі Ш.Жамалханов, заң талаптарына сәйкес:

4.2.  Мыңшұңқыр ауылындағы балалар күрес залын қайта қалпына келтіру бойынша зерделеу жүргізіліп, аудан әкіміне ұсыныс енгізілсін.

Орындау мерзімі: 14.05.2025 жыл.

Орындалды.

«Мыңшұңқыр елді мекеніндегі қабырғалары кірпіштен қаланған, ескі мектеп жайын ішкі бөлмелерін кеңейтіп балалар күрес залы ретінде жасақтау үшін Түркістан облыстық білім басқармасымен келісе отырып Отырар ауданының коммуналдық меншігіне өткізу жөнінде жұмыстар жүргізу» аталған жайды қайта құрып (реконструкциялап) пайдалану тиімсіз.

Себебі, коммуналдық меншікке алынғаннан кейін жайдың бөлмелерін кеңейту үшін  шатырын ашып қайта жабу, сонымен қатар қабырғаларын қосымша көтеру және осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін қайта құруға (реконструкциялауға) жұмыс жобасы әзірленуі тиіс.

Құрылыс бөлімінің 17.03.2025 жылғы №40-10-12/313 санды хаты.

 

Қарғалы ауыл округі

 

33

1.           Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, «Қазсушар» РМК Отырар өндірістік бөлімшесінің басшысы М.Раев (келісім бойынша), ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, заң талаптарына сәйкес:

1.1. Алтынбеков каналын бетондау және ағынсудың жеткілікті мөлшерде болуы қадағалансын.

Орындау мерзімі: 30.04.2025 жыл, әрі қарай тұрақты.

Орындалу үстінде.

Д.Алтынбеков каналының Қарғалы округі аумағындағы 10,72 шақ бөлігіне жобалық-сметалық құжаттары толық әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң нәтижесін алып, Ислам Даму Банкінің «Каналдарды қайта жаңғырту» бағдарламасының 1-кезеңіне еніп, қаржыландыру көзі қарастырылуда.

Ағын су мәселесі бойынша Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясынан Алтынбеков каналына су пайдалануға 124,0 млн м3 көлемінде рұқсат алынды. Су пайдаланушыларға тек берген сұраныстары бойынша су босату жіті бақылауда болады.

«Қазсушар» Отырар өндірістік бөлімшесінің 23.04.2025 жылғы №28-9-31/55 санды хаты.

34

2. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, Қарғалы ауыл округінің әкімі Е.Жұмабек, заң талаптарына сәйкес:

2.1. Темір ауылындағы орналасқан трансформатор станциясын жөндеуден өткізу бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 30.05.2025 жыл.

Орындалу үстінде

Бүгінгі таңда Темір, Қарғалы ауылдық округі тұрғындарын электр желісімен қамтамасыз етіп отырған қосалқы электр станциясының құрылысына ЖСҚ әзірленген (сметалық құны-329 млн. тг).

2025 жылғы республикалық бюджеттің кезекті нақтылауында қаржы қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

35

2.2. Қарғалы елді мекеніне балаларға арналған ойын алаңшасын салу бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: тұрақты..

Елді мекендерде балаларға арналған ойын алаңшаларын абаттандыру жұмыстары бөлінген бюджет қаражаты шегінде, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қарғалы ауылынан балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары 2026 жылы жүзеге асыру жоспарлануда.

36

3. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Есінбек, Қарғалы ауыл округінің әкімі Е.Жұмабек, заң талаптарына сәйкес:

3.1. Қарғалы ауыл округіндегі әкімшілік ғимараттың құрылыс жұмыстарын сапалы және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: 02.06.2025 жыл

Орындалды

Қарғалы ауыл округі Отырар ауылынан әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, құжаттары рәсімделуде.

Құрылыс бөлімінің 17.04.2025 жылғы 40-10-12/474 санды хаты.

 

Отырар  ауыл округі

 

37

3. Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

3.1. Арыс ауылындағы Байтұрсынов атындағы бастауыш мектебін күрделі жөндеу немесе жаңа ғимарат салып беру бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:01.05.2025 жыл.

Орындалу үстінде.

«А.Байтұрсынов атындағы шағын жинақты бастауыш мектеп» КММ-і ғимаратынының тозығы жетуіне және бала өсімінің артуына байланысты аталған елді мекеннен 100 орындық бастауыш мектеп құрылысын демеушілік есебінен салу жоспарлануда.

Білім бөлімінің 16.04.2025 жылғы №41-10/476 санды хаты.

38

4. Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, Отырар ауыл округінің әкімі Д.Үсетов, заң талаптарына сәйкес:

4.2. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:01.05.2025 жыл, әрі қарай тұрақты.

Тұрақты.

Ауыл аманаты бағдарламасы бойынша 2025 жылы жобаға қатысу үшін Аққұм, Көксарай, Отырар, Талапты ауыл округтері ұсынылған. Қазіргі таңда 4 ауыл округінен жобаға қатысуға 132 адам ниет білдіруде.

Отырар ауыл округі бойынша мал шаруашылығы оның ішінде сүт өнімдерін өндіру бағытында «Рахат 19-98» АШӨК құрылып, бүгінгі таңда 18 млн теңгеге жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алынды. Коператив мүшелігінде 26 адам тіркелген. Бүгінгі таңда облыс тарапынан қаржы бөлінбеуіне байланысты жеке адамдарды несиелендіру тоқтап тұр.

 

Шәуілдір ауыл округі

 

39

3. Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Е.Оралбай, Шәуілдір ауыл округінің әкімі Ғ.Қыдыр, заң талаптарына сәйкес:

3.2.Индустриялы аймақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:15.05.2025 жыл.

Орындалу үстінде.

«Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» және Отырар ауданы әкімдігінің индустриалды аймақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша іс-шара жоспары бекітілді.

Қазіргі уақытта, индустриалды аймақтағы негізгі бар инфрақұрылыммен (темір жол тұйығы, электр желісі, жол, су және кәріз жүйлері) қайта қалпына келтіру үшін қарастырылып отырған 85 гектарға жобалау сметалық құжаттамасы жасақталуда. Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің 25.04.2025 жылғы №40-10-14/172 санды хаты.

40

3.3. Арғынбеков көшесі бойындағы ескі базар аумағын ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:01.04.2025 жыл.

Орындалды.

Ұ.Арғынбеков көшесі бойындағы ескі базар аумағы қоршалды.

Шәуілдір ауыл округінің 15.04.2025 жылғы №40-10-27/228 санды хаты.

41

4. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, Шәуілдір ауыл округінің әкімі Ғ.Қыдыр, «Отырар-2050» МКК басшысы А.Мырзатай, заң талаптарына сәйкес:

4.2. Жасыл желектерді күтіп ұстау және ағын су бар жерлерге ағаш көшеттерін егу бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:27.03.2025 жыл.

Орындалды.

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар-2050» коммуналдық мемлекеттік мекемесі теңгеріміндегі жалпы саябақтар мен Жібек жолы даңғылы бойының оң жақ, сол жақ бөліктеріне 2025 жылдың көктем айларында  4500 түп қарағаш көшеті және 3000 түп раушан гүл көшеттері отырғызылды. Егілген көшеттерді ағын сумен, арнайы техникамен суару жұмыстары жүргізуде.

«Отырар-2050» комуналдық мемлекеттік мекемесі 31.03.2025 жылғы №33 санды хаты.

42

4.3. Жайлы мектепке барар жолды және мектеп алдына автотұрақ салу бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:15.04.2025 жыл.

Орындалу үстінде.

Шәуілдір ауылындағы Жаңа мөлтек аудан аумағында орналасқан Жайлы мектепке барар жолды орташа жөндеу және мектеп алдына автотұрақ салу жұмыстарына сметалық құжат әзірленген (сметалық құны-94,0 млн теңге). Сметалық құжатқан аудандық бюджет қаражаты есебінен 2025 жылға қаржы қарастырылған. Бүгінгі таңға, мемлекеттік сатып алу шаралары өткізілуде

43

4.4. Жастар саябағын күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:15.04.2025 жыл, әрі қарай тұрақты.

Орындалды

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар-2050» коммуналдық мемлекеттік мекемесі теңгеріміндегі саябақтарды күтіп ұстау бойынша, істен шыққан жарықшамдар ауыстырылып, арықтар тазаланып, егілген ағаштар әктеліп, ескерткіштерді сырлау жұмыстары жүргізілді.

«Отырар-2050» комуналдық мемлекеттік мекемесі 21.04.2025 жылғы №35 санды хаты.

 

Дата публикации
10 июля 2025