Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы ІІ тоқсандағы кезекті мәжілісінің
№ 2 хаттамасы
Аудан әкімі аппаратының 13 маусым 2025 ж.
мәжіліс залы сағ: 17-00
Мәжіліс төрағасы: Аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасары – Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы.
Мәжіліске қатысушылар: Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері /тізім бойынша/.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
Баяндамашы: Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Құттыбай Сағынтай Тәтібайұлы;.
Аудан әкімдігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшелері кезекті өткізілген мәжілістің қорытындысы бойынша төмендегідей хаттамалық ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
мен ауыл округі әкімдеріне:
1.1 Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жергілікті атқарушы органдарға қатысты тармақтарының толық орындалуын қамтамасыз етсін.
Орындау мерзімі: тұрақты.
2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында ауылдық округтердегі мәдениет үйлерінде театрландырылған қойылымдар жүргізілсін.
Орындау мерзімі: 2025 жылдың 1 қарашаға дейін.
3.1. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мемлекеттен қарастырылған заттар және құрылғылармен қамтамасыз ету барысында сыбайлас жемқорлық деректеріне жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдансын. Орындау мерзімі: Тұрақты.
3.2. Мемлекеттен көрсетілетін жеңілдіктер мен көмектер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты кеңінен хабардар ету мәселелері қамтамасыз етілсін. Орындау мерзімі: Тұрақты.
3.3. Осы мағынада халықты хабардар ету және көрсетілетін қызметтерді насихаттайтын бейнеролик әзірлеп, әлеуметтік желілерге орналастыру жұмыстарын жүзеге асырсын.
Орындау мерзімі: Тұрақты.
4.1. Аудандағы коммуналдық тұрғын үйлер тұрғындарының келісім шарттар негізінде мемлекет алдындағы міндеттемелерін мерзімінде және толық көлемде орындалуын қамтамасыз етсін.
Орындау мерзімі: Тұрақты.
4.2. Аудандық маңыздағы автожолдардың орташа жөндеу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттарға сәйкес және сапалы жүргізілуі қадағалансын.
Орындау мерзімі: Тұрақты.
Комиссия төрағасының орынбасары А.Құлмаханов
Хатшы А.Әмірхан