Қарғалы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Қарғалы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 29 маусымда Отырар ауданы Қарғалы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Отырар ауданы Қарғалы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Қарғалы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1244 азамат енгізілді, олардың 860 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жұмабек Е.Ж. – 516; Рахимов Р.Т. – 312; «Барлығына қарсы» – 3.

1982 жылы туылған, Қарғалы ауылдық округінің әкімі, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Жұмабек Еркеғали Жұмабекұлы Қарғалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
30 июня 2025