Балтакөл ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 29 маусымда Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Балтакөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1777 азамат енгізілді, олардың 1206 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ателов С.А. – 826; Көбей Б.Ү. – 171; Қуандықов Н.Б. – 163; «Барлығына қарсы» – 16.

1968 жылы туылған, Балтакөл ауылдық округінің әкімі, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Ателов Сейтхан Айдарханович Балтакөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
30 июня 2025